24.02.2025
19:26
1871
Семейде бір топ оқушы жас баланы аяусыз соққыға жыққан

Семейде бір топ оқушы жас баланы аяусыз соққыға жыққан

Семейде мектеп жасындағы бір топ оқушы жас баланы соққыға жыққан. Бұл сәттің видеосын @kriminal_kazakhstan Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ондағы мәліметке сүйенсек, оқиға Семей қаласының 343-кварталында болған. №9 мектептің оқушысын төрт жасөспірім соққыға жыққан және мүшеқапты үрлеуді бұйырады. Ұрып-соққандардың арасында қыздар да болған көрінеді. 

Аталған фактіге қатысты облыстық Полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс қозғалды. Оқиға қатысушылары жедел анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

Жасөспірімдер полиция есебіне қойылады. Олардың іс-әрекетін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарайды. Ата-аналарға балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін қатаң жауапкершілік жүктеледі. Тергеу барысы Абай облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында,-деп атап өтті полициядан.