Семейде бір топ әйел үш қызды жабылып ұрып-соққан

7 Қыркүйек 2023, 15:41 1530

Әлеуметтік желіде 8 әйелдің үш қызды жабыла ұрып жатқан сәті түсірілген видео тарады. Оқиғаның Семей қаласында болғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың 6 қыркүйегінде Семей қаласында жаға ұстатарлық оқиға болды. 8 әйел 3 қызды жабылып ұрып-соққан. Қыздар қазір бас жарақаты және дене жарақаттарымен, сүйек сынуы және ісіп-көгеру белгілерімен ауруханада жатыр. Қыздарды бірден ауруханаға апарудың орнына, жергілікті полиция 4 сағат учаскеде ұстап отырған, - делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты Абай облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

Аталған фактіге қатысты орталық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлайды. Жедел шаралар жүргізілу барысында жанжалдың 21-29 жас аралығындағы қатысушылары анықталды. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

Равиль Ашығали
Бөлісу: