Семейде бір сыныпта оқитын үшем мектеп бітірді

26 Мамыр, 05:15 7375

Абай облысы Семей қаласындағы бір мектептен түлеп ұшқан үшем жаңа өмірге қадам басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Семей қаласындағы №11 жалпы орта білім беретін мектеп үшін биылғы соңғы қоңырау ерекше болды. Себебі түлектер арасында үшем мектеппен қоштасты.

Гүлгүл, Жайна, Аңсаған есімді үшемдер 2013 жылы мектеп табалдырығын аттаған. Олар мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап бір сыныпта оқып келген. Білім жағынан сыныпта алды болып, үшеуі бірдей мектептің барлық іс-шараларына белсене қатысып, көпті өнерлерімен тәнті еткен.

Бір қызығы қыздардың таңдап отырған мамандықтары әр түрлі. Гүлгүл қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдап, болашақта мұғалім болғысы келеді. Жайна дизайнерлік мамандықты таңдап отыр, ал Аңсаған болашақта психолог болғысы келеді. Олардың мектепте сүйіп оқыған пәндері: әдебиет және математика.

Перизат Саденова
Бөлісу: