Семейде бір күн бұрын жоғалған оқушы табылды

22 Шілде, 00:16 572

Семейде бір күн бұрын жоғалған оқушы облыстағы Шығыс кентінен аман-есен табылды. Бұл туралы Абай облысының Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баланы полицейлер, еріктілер және тұрғындар іздеді. Тәртіп сақшылары оқушыны Шығыс кентінің аумығынан тапты, - делінген Полиция хабарламасында.

Оқушы Әуезов полиция бөліміне жеткізілгеннен кейін онымен әңгіме жүргізілді. Баламен психолог сөйлескеннен кейін ата-анасына тапсырылады.

Перизат Саденова
Бөлісу: