Семейде Бейбітшілік аралының тұрғындары эвакуацияланды

21 Қаңтар, 13:01 804

Семейде Бейбітшілік аралын су басу қаупіне байланысты тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы әкімдігінің хабарлауынша, 21 қаңтар сағат 10:00-дағы жағдай бойынша Ертіс өзенінің Семей қаласындағы су деңгейі - 457 см. «Бейбітшілік» аралы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы орган және ТЖМ 68303 әскери бөлімдерімен бірлесіп, 21 қаңтарға қараған түні бөгет салу, өзен арнасына су бұру үшін жол төсемін ашу жұмыстары жүргізілген. ТЖД мамандарының күшімен өзен арнасына 5850 текше метр су қайта жіберілді.

Түнде Бейбітшілік аралынан 11 адам (7 ересек, 3 бала) эвакуацияланды. Олар Семей қонақ үйіне орналастырылды. Үй жануарлары қауіпсіз жерге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдар жергілікті атқарушы орган тарапынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта эвакуацияланғандар үйлеріне қайтты.

Әкімдіңтің мәліметінше, қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Әр сағат сайын учаскелерді аралау (Бейбітшілік аралы, Бобровка саяжайы) және су деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Су деңгейін өлшеу әр 2 сағат сайын жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Әділбек
Бөлісу: