Семейде қаланың бас шыршасының шамдарын жағу салтанаты 25 желтоқсанға ауыстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктегілер бұл іс-шара Coca-Cola мерекелік керуені келетін күнге шегерілгенін атап өтті.
Қала тұрғындары мен қонақтарына ертегідей атмосфера сыйлау мақсатында ұйымдастырылған шара барысында баршаңыз керуенмен және шыршамен естелік суретке түсе аласыздар. Сонымен қатар, кейбір дереккөздерде шыршаның көлденең тіреуіші жоқ деген жалған ақпараттың тарағанын назарларыңызға саламыз. Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Шырша құрылысы толық аяқталған және барлық белгіленген талаптарға сай келеді,-делінген әкімдік мәліметінде.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде орталық алаңға шырша орнату кезінде мұғалім 4-5 метр биіктен құлап кеткен болатын.