Семейде балалар үйде қамалып қалған

Бүгiн, 03:09 143

Абай облысының құтқарушылары балаларға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, оқиға Семей қаласының көпқабатты үйлердің бірінде болды. Балалар ересектердің қарауынсыз қалып, жабылып қалған есік салдарынан пәтерде қамалып қалды.

Шақыру орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, аспалы құралдардың көмегімен есікті ашты, - делінген мәліметте.

Ведомство өкілдері балаларды жалғыз қалдырмауға шақырды.

Зарина Арман
Бөлісу: