7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Жазғы туристік маусымға орай 2 маусымнан «Шымкент-Семей-Шымкент» бағытында 180 орындық «Airbus А320» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рейсті «Fly Arystan» әуе компаниясы жүзеге асырып, жолаушылар аптасының дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады. Шымкенттен Семейге ұшу уақыты – кешкі сағат 17:00-де, Семейден Шымкентте ұшу – кешкі сағат 19:00-де әуеге көтеріледі.
Жазғы маусымдық әуе рейсінің ашылуы өңірге туристер тартуға мүмкіндік береді. Жолаушылар енді облыстағы республикалық киелі орындар тізіміне енген Қоңыр Әулие үңгірі, «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы, Ырғызбай әулие кесенесі, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Еңлік-Кебек» ескерткіштері, Алакөл мен Шошқалы секілді тарихи және табиғи орындарды тамашалау мүмкіндігіне ие болмақ.
Қазіргі уақытта Семейден «Семей – Алматы», «Семей – Астана», «Семей – Үржар», «Семей – Шымкент» бағыттары бойынша әуе рейстері ұшуда. Аталған рейстерді «FlyArystan» және «Южное небо» әуе компаниялары жүзеге асырып отыр.
Айта кетейік, 1 маусымда Үржар ауданының Үржар ауылындағы әуежайға алғаш рет «SCAT» әуе компаниясының «CRJ-200» жолаушылар ұшағы қонған болатын. «Үржар-Алматы» және «Үржар-Астана» бағыттары бойынша тұрақты әуе рейстері аптасына 7 рет, яғни күн сайын орындалмақ.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?