Семей қаласының, Абай облысының Қазақстан тарихындағы орны ерекше – президент

30 Қыркүйек 2022, 11:09 2385

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысы жұртшылығымен кездесуі басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Семей қаласының, Абай облысының Қазақстан тарихындағы орны ерекше, төл шежіремізде айрықша орны бар өлке. Бұл – қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сияқты біртуар перзенттерді сыйлаған ұлылар мекені.

Абай туған топыраққа келген адам бұл жердің киесін сезінеді, қасиетін ұғады.

Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі. Бұл – Алаш арыстарының ізі қалған, зиялыларымыз елдің болашағы үшін күрескен қастерлі өңір», - деді Президент.

Бөлісу: