Семей әкімі 103 жастағы тұрғынды қала күнімен құттықтады

22 Қыркүйек, 14:13 497

Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала күніне орай шаһардың ең қарт тұрғыны, 103 жастағы Зейне Аманбаеваны құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қала басшысы желі парақшасында жазды.

Бүгін қала күніне орай, қаламыздың ең қарт тұрғыны, 103 жастағы Зейне Аманбаеваның шаңырағына барып, батасын алып қайттым. Қала тұрғындары атынан Зейне Аманбаеваға ұзақ та мағыналы ғұмыр тілей отырып, денсаулық пен жақындарының амандығын тіледім,-деп жазды Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетсек, Зейне Аманбаева 1921 жылы Абралы ауданында дүниеге келген. Соғыс жылдары колхозда әртүрлі жұмыстар атқарып, ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен. Кейіннен Семейде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, халықтың құрметіне ие болған. Оның жолдасы да заң саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен. Қазіргі таңда Зейне апа немересінің қолында тұрып, шөбере сүйіп отырған бақытты әже.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: