Селден қорғау бойынша Іле Алатауы жоталары тексерілді

4 Наурыз, 21:21 875

Сел, қар көшкіні жағдайын, мұздақ-мұздық кешендерінің, өзендерінің сел қаупі бар арналарының жай-күйін бағалау мақсатында "Қазселденқорғау" ММ Қазавиақұтқару тікұшағында Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінің бассейндері бойынша Қаскелең өзені бассейнінен Талғар өзеніне дейін аэровизуалды зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзендері бассейндерінің жоғарғы ағысында шағын қар көшкіндері байқалады. 

Талғар өзені алабында қар көшкіні көлемі 300 текше метрге дейін жетті. Барлық қар көшкіні тау беткейінде тоқтады.

Мұздақ көлдер қысқы режимде, қар мен мұзбен жабылған. Көлдердегі мұздықтардың немесе мұздардың зақымдануы анықталған жоқ. Су шығынының шегі қалыпты деңгейде, өзгеріс жоқ. Биік таулы аймақтардағы қардың қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. 

Көл бөгеттерінде немесе құрылыстардың төменгі ағыстарында көзге көрінетін фильтрация белгілері табылған жоқ. Опырылым немесе көшкіннің ізі анықталмады. 

Зарина Арман
Бөлісу: