Сел қаупінің жоғарылауына байланысты алматылықтарға ескерту жасалды

31 Шілде, 09:40 405

Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

«Қазгидромет» РМК ескертуіне сәйкес, 31 шілде-1 тамыз аралығында Алматыда және оған іргелес таулы жерлерде қатты жаңбырдың болжануына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Сонымен қатар аймақта судың жайылуы мен су басу қаупі туындауы мүмкін.

Тау өзендері бойынша гидрометеорологиялық ақпаратқа сәйкес, Іле Алатауында қатты жауын-шашынның болжануына байланысты сел қаупінің «қызғылт сары деңгейі» жарияланды.  

Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізіп жаты. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

Ведомство өкілдері жеке тұрғын үйлердің иелеріне жаңбыр суын және басқа да дренаждық жүйелерді жаңбыр судың ағынын бұруға дайындық шараларын қабылдауды сұрайды.

Егер жаңбыр жауған кезде сыртта болсаңыз әуе электр желілерінің тұтастығына назар аударып, құрылысы сенімсіз құрылымдардың астында тұрмаңыз. Олардың опырылып түсуі ауыр жарақат алуға соқтыруы мүмкін.

Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: