22.12.2024
20:00
1275
Щучинскте жеке үй ауласындағы моншада өрт шықты

Щучинскте жеке үй ауласындағы моншада өрт шықты

Ақмола облысы Щучинск қаласында жеке тұрғын үйлердің біріндегі моншада өрт шықты. Жуынатын орынның бу бөлмесі жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнынан өрт сөндірушілер шұғыл жеткен. Олар жылдам әрекет етіп, өрттің ары қарай таралуына жол бермеді. Қызыл жалын 15 метр алаңды шарпып үлгерген. 

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.