Щучинскте инсульт алған қарт тұрғын пәтерде жалғыз өзі қалып қойған

1 Маусым, 22:15 1207

Ақмола облысы Щучинск қаласында инсульт алған қария құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарт тұрғын пәтер ішінде өзі қалып қойған. Оқиға орнына келген құтқарушылар жедел әрекет ету арқылы үш иінді баспалдақпен көпқабатты үйдің үшінші қабатының балконынан пәтер ішіне кірген. Дереу зейнеткерді сыртқа алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Дәрігерлер тексеру кезінде ер адамның инсульт алғаны анықталған. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты.

Перизат Саденова
Бөлісу: