Щучинскідегі оңалту орталығынан 27 науқас эвакуацияланды

1 Қазан, 00:09 661

Щучинск қаласының облыстық оңалту орталығында өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, оқиға болған жерден 27 науқас баспалдақ маршымен эвакуацияланды.

Өрт үш қабатты ғимараттың екінші қабатындағы қызмет көрсету палатасында болды. Плафонның қысқа тұйықталуы кейіннен 1 шаршы метр алаңда жиһаз жануына әкелді, - делінген мәліметте.

 Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Зарина Арман
Бөлісу: