SCAT басшысы компания ұшақтары не себепті жиі кешігетінін түсіндірмеді

30 Мамыр 2023, 12:00 744

SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов рейстердің не себепті жиі кешіктірілетініне байланысты жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда айтты. Журналистер Владимир Денисовтен соңғы кездері Scat әуе компаниясының әуе рейстері 10 сағатқа дейін кешіктіріледі және бұл туралы дер кезінде ескертілмейді. Жалпы, Scat компаниясы ұшақтарының сапасын жоғарылату үшін қандай шаралар жасалып жатқанын сұрады.

Сіздің не нәрсеге көңіліңіз толмайды? Мен күнделікті осы компанияның ұшағымен ұшамын. Бізде барлығы жүйелі түрде жұмыс істейді. Жүйелі түрде ұшақтар ұшады, қызметкерлер жұмыс істейді, - деп жауап берді Владимир Денисов.

Дегенмен соңғы кездері компанияның ұшақтары не себепті жиі кешігетіні жайлы сұраққа жауап бермеді.

Миражан Махан
Бөлісу: