«SCAT» әуекомпаниясының паркі «Б737 МАХ 9» ұшағымен толықты

8 Сәуір 2023, 18:55 1007

«SCAT» әуекомпаниясының паркі тағы бір «Боинг»  ұшағымен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР ИИДМ-ге сілтеме жасап. 

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп әуе кемелерінің паркін ұлғайту және тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Сонымен, «SCAT» әуекомпаниясының паркі сыйымдылығы 213 орындық «Б737 МАХ 9» моделінің тоғызыншы «Боинг» ұшағымен толықты. Бұл әуе кемесі авиакомпанияның паркін 36 бірлікке дейін, оның ішінде 27 «Боинг» моделіне дейін ұлғайтады.

Ағымдағы жылы авиакомпания сыйымдылығы 213 орындық болатын 2 «Боинг-737 МАХ 9» ұшағын алып, іске қосты.

2022 жылы «SCAT» авиакомпаниясы өз флотын 189 және 174 орындық, оның ішінде 12 бизнес-кластағы орын сыйымдылығы бар 7 жаңа Boeing 737 ұшақтарымен ұлғайтты. Жаңа Boeing 737-9 әуе кемелері паркін жаңарту және кеңейту бағдарламасын жүзеге асырудың кезекті қадамы болды.

Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелері паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.

EL.KZ
Бөлісу: