Сайлауды бақылауға 82 байқаушы ресми тіркелді

19 Ақпан 2023, 16:00 1680

Сонымен қатар 15 байқаушы халықаралық ұйым атынан ұсынылған

Сайлау барысын бақылауға Халықаралық байқау институтынан 15 байқаушы тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ОСК хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Байқаушылар сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша орталық сайлау комиссиясының жанына аккредиттеледі.

Халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 10 шет мемлекетпен 3 халықаралық ұйымнан 82 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Сонымен қатар бүгінгі таңда бір елден 15 байқаушы халықаралық ұйым атынан ұсынылған болатын. Атап айтқанда, Иран Ислам республикасынан 1 байқаушы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан 14 байқаушы тіркеуге ұсынылды. Оның ішінде Тәжікстанның сайлау және референдум жөніндегі орталық комисссиясының төрағасы Бақтиөр Құдиорзада тіркеуге ұсынылды, - деді Мұхтар Ерман.

Шет мемлекетпен халықаралық ұйымнан байқаушыларды аккредиттеу туралы комиссиясының қаулысы жобасы дайындалды.

EL.KZ
Бөлісу: