Сайлауды бақылауға 600-ден астам өкіл қатысады

14 Қараша 2022, 18:16 1264

Сайлауды бақылауға 600-ден астам өкіл қатысады деп күтілуде

Бұл туралы ОСК кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz

Орталық сайлау комиссиясының 25 отырысына барлық облыстың төрағасы мен мүшелері, әкімдік аппарат басшылары қатысты, ТМД өкілдері, Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің магистранттары қатысты.  Отырыста халықаралық байқаушыларды аккредиттеу және оның қорытындылары, сондай-ақ сайлаушылар тізімімен жұмысты ұйымдастыру қаралды.

ОСК хатшысы Мұхтар Ерман сайлауға 130-дан астам халықаралық өкілдер аккредиттелгенін атап өтті.

Президенттік сайлауды 8 халықаралық ұйым, шет мемлекеттер мен Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері бақылайды. Сайлауды бақылауға 600-ден астам өкіл қатысады деп күтілуде екенін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров тілге тиек етті.
ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров әрбір сайлаушы сайлау тағайындалған сәттен бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы деді.

"Егер сайлаушыға сайлауға дейін 30 күннен кешіктірмей сайлау күні оның тіркелген жері  бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол өзінің тұрған жері бойынша жергілікті атқарушы органға оны сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы. Бүгінгі күнге дейін 200 Сall-орталықтары мен онлайн сервистер ұйымдастырылды.Нәтижесінде 195 мыңға жуық өтініш келіп түсті", - деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.
Сондай-ақ, ол азаматтардың жазбаша өтініштері аясында тізімге орналасқан жері бойынша 80 мың азамат енгізілгенін айтты.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: