Сайлауда ЖОО студенттерін үгіттеуге тыйым салынады

23 Қыркүйек 2022, 17:08 1202

Министрлікте студенттердің құқығын қорғайтын арнайы омбудсмен жұмыс істейді

Жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты қазақстандық студенттерді іс-шараларға тартуға тыйым салынады, деп хабарлайды El.kz

«Біз жаңа және әділ Қазақстанды құрудамыз. Президент мұндай әрекеттерді қатаң бақылайды және тыйым салады. Министрлік ұйымдастыратын арнайы шаралар болмайды», деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Ол енді министрлікте студенттердің құқығын қорғайтын арнайы омбудсмен жұмыс істейтінін баса айтты.

«Айсұлу Ерниязова еліміздің белсенді азаматы, оны көптеген студенттер таниды. Ресми түрде министрлікте штат кестесі бекітілген жоқ, келесі айдың басында бекітуді жоспарлап отырмыз. Университет студенттері министр жанындағы арнайы комиссарға өтініш бере алады», деп қосты С.Нұрбек.






Бөлісу: