Сайлау учаскелерінде 20 мың сақшы қызмет атқарып жүр

20 Қараша 2022, 14:45 1462

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Жандос Мұраталиев телемарафонда мәлімдеді

Ішкі істер министрлігі сайлау күнінің түске дейінгі кезеңі қалыпты жағдайда өткенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.

«Сайлау күнінің түске дейінгі кезеңінде елдегі жағдай тыныш. Құқық қорғау органдары бүкіл республика бойынша құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. 10 мыңға жуық сайлау учаскесінде 20 мың полиция қызметкері қызмет атқарып жүр. Одан бөлек қоғамдық орындарда 14 мыңдай сақшы жұмыс істеп жатыр», - деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Жандос Мұраталиев телемарафонда.

EL.KZ
Бөлісу: