Сайлау комиссиясы мүгедек жандардың үйіне барды

19 Наурыз 2023, 14:51 1300

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар үйден дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін Гүлжаухар Аманқызы, Күлайым Мұхамбетқызы, Калимаш Биболсынова сынды қала тұрғындары өз таңдауларын жасады.

Биылғы сайлауда көп жаңалық болып жатыр. Кандидаттар мен қатысушы партиялардың да саны артыпты. Сондықтан міндетті түрде дауыс беру үшін сайлау комиссиясын үйге шақырдым,- деді Күлайым Мұхамбетқызы.

Бұл сайлаудың бұрынғы сайлаудан ерекше екенін Қалимаш Биболсынова да байқаған.

Жылда сайлауға денсаулығыма байланысты қатыса алмай қалатынмын, биыл қатысып отырмын. Көп өзгеріс барын байқадым, жаңалықтардан да тыңдап, біліп отырмыз. Сайлаудан кейін жақсы өзгеріс болады деп сеніп отырмыз,- деді Қалимаш Биболсынова.

 

Миражан Махан
Бөлісу: