Сайлау әділ әрі жоғары деңгейде өтті – сарапшылар

21 Қараша 2022, 17:36 2971

Сарапшылар еліміздегі сайлаудың әділ және жоғары деңгейде өткенін айтты. Бұл туралы El.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Еліміздегі сайлау әділ өтті. Өздеріңіз білетіндей, биылғы сайлауда «барлығына қарсымын» нұсқасы қосылды. Бұл халықтың  қарсылығын анықтауға да мүмкіндік берді. Мұндай тәжірибе көптеген елде бар. Биылғы сайлауға шетелден байқаушылар мен БАҚ өкілдері және басқа да мамандар келді. Сайлау учаскелеріндегі жағдайлардың барлығы бақылауда болды. Бұл қазақстандықтардың әділетті түрде өз дауыстарын беріп, Отан алдындағы құқықтарын жүзеге асырды», - деді «Amanat» партиясының мемлекеттік саясат институты» мемлекеттік мекемесінің директоры Мадина Нұрғалиева.

Сондай-ақ, биылғы сайлауда дауыс беруге жастар ерекше белсенділік танытқанын атап өтті.  

«Биылғы сайлауға халық белсенді қатысты. Дауыс беруге құқығы бар 69,44% азаматтар сайлауда өз даусын берді. Кейбір сайлау учаскелерінде дауыс беруге келген азаматтардың кезекке тұрып жатқаны да байқалды. Сондай-ақ, бұл сайлаудың жаңашылдығы президент бір реттік 7 жыл мерзімге сайланады. Осының нәтижесінде біздегі билік институттарының тежемелі жұмыс істеуіне, саяси институттардың қалыптасуына демократиялық қадам жасалады. Бұл реформа көпшіліктің көңілінен шықты.  Ендігі кезекте президент атап өткендей елдің сенімін ақтау басты ұстаным. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, оң реормалардың нәтижесінде Қазақстанымыз одан әрмен көркейе береді деп сенеміз», - деді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Бауыржан Серікбай.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы өткен сайлауға қарағанда, биылғы сайлауда көп дауыс жинады.  

«Қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауы болатынын естігеннен бастап партия мүшелері мен бірлестік өкілдері дайындықты бастап кетті. Биылғы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың дауысы 2019 жылғы сайлау нәтижелерінен де жоғары дауыс жинады. 2019 жылы дауыс берушілердің 75% дауысын жинаса, биыл 81% дауысқа ие болды. Халықтың дауысының басым көпшілігін жинауға лайық болды. Себебі, оның кандидат, басқарушы және жеке тұлға ретінде ұсынған бағдарламасы түпкілікті халықты көңілінен шықты деп айтуға болады», - деді Қазақстан халқы ассамблея кафедрасының профессоры Жұлдызай Искакова.

Миражан Махан
Бөлісу: