«Саясаткер де, шенеунік те емеспін». Головкин өзінің жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

26 Ақпан, 17:15 3478

Бүгін, 26 ақпанда, Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы қызметіне кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орта салмақта WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы өзінің сайлануына қатысты пікір білдірді.

Боксшы Қазақстан спортын дамытуға тырысатынын айтады.

Қазақстанда Ұлттық олимпиада комитетін басқару туралы ұсыныс түскенде, қазақстандық спорттың дамуына өз үлесімді қосуыма мүмкіндік бересіздер деп талап қойдым. Өздеріңіз білесіздер, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Ойымды сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін, - деді Головкин.

Сонымен қатар 41 жастағы боксшы бұл тұрғыда өз көзқарасы бар екенін айтты.

Талай жылдық тәжірибе бар, команда бар, бастысы – отандық спортты дамыту деген мақсат бар, - деді боксшы.

Головкин ҰОК басшысы қызметінде Тимур Құлыбаевтың орнын басты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: