Саясат Нұрбек Түркиядағы студенттерді елде қабылдауға дайын екенін айтты

14 Ақпан 2023, 12:20 976

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркияда қиын жағдайда жүрген қазақстандық студенттерді оқуға қабылдауға дайын екендігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазір Сыртқы істер министрлігімен өте тығыз байланыстамыз. Біз шетелде оқып жүрген оның ішінде Түркияда оқып жүрген өзіміздің азаматтарымызды қиын жағдайда Қазақстандық университеттерге қабылдауға дайынбыз. Ол үшін қабылдау ережелерін өзгерттік. Бұрын тек қана сессияның арасында немесе жазғы демалыстарда қабылдадық. Ендігі уақытта жыл бойы қиын жағдайға ұшыраса біздің университеттерге келсе болады», - деді Саясат Нұрбек.

Миражан Махан
Бөлісу: