Саясат Нұрбек отандық ғылымдағы әйелдердің рөлі туралы айтты

18 Қараша 2022, 19:29 1577

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі отбасылық, демографиялық және гендерлік саясат» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Астана қаласында өтіп жатқан конференция аясында отандық ғылымдағы әйелдердің рөлі туралы тақырыпқа тоқталды, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстанның ғылыми қызметкерлерінің жартысы – әйелдер. Ғалымдардың 54%-ы әйел және олардың саны жыл сайын артып келеді. Жалпы, әйелдердің ғылымдағы рөлі өсті. Мысал ретінде, коронавирусқа қарсы «QazVac» вакцинасын әзірлеген биолог ғалым Күнсұлу Закария. Біз ғылым және жоғары білім министрлігі ретінде гендерлік теңдік саясатын қолдаймыз, ғылымға, жоғары білімге, оның ішінде басқару қызметтерге әйелдердің тең қолжетімділігін қамтамасыз етеміз», – деді министр.

Халықаралық ғылыми конференцияның ашылу салтанатына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева, БҰҰ өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Сарапшылар Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңдік бойынша көрсеткіштерін жақсартып, 80-ші орыннан (2021 жыл) 65-ші орынға (2022 жыл) дейін көтерілгендігін атап өтті.

Конференция қорытындысы бойынша ғылыми негізделген сараптамалық талдау әзірленеді, сол талдау негізінде Үкімет пен жергілікті басқару органдарына ұсыныс дайындалады.

EL.KZ
Бөлісу: