07.12.2025
17:21
653
Саяхаттауға ең тиімді қалалар анықталды

Саяхаттауға ең тиімді қалалар анықталды

Лондонда таңғы ас ішіп, ертеңіне Парижде кешкі ас ішу - арман емес. Бюджетті дұрыс жоспарласаңыз, мұның бәрі қолжетімді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Арзан әрі ыңғайлы платформалар, мысалы Airbnb, әлемнің кез келген астанасының дәл ортасынан 10 мың теңгеден басталатын баспана табуға мүмкіндік береді. Алайда ең тиімді бағыттар - Ыстамбұл мен Бангкок.

Азия - қазіргі ең қолжетімді бағыт. Ыстамбұлдың орталығынан небәрі 18 500 теңгеге пентхаус-студия жалдауға болады. Ал Бангкокта стильді аудандардың біріндегі жеке пәтер 12 800 теңгеден басталады. Мұндай баға саяхатшылар үшін таптырмас ұсыныс.

Лондон қымбат, бірақ таңғалдыруы мүмкін. Әлемдегі ең қымбат қалалардың бірі саналатын Лондонның өзінде қолжетімді нұсқалар бар. Мәселен, Кэнэри-Уорфтағы жеке бөлме 48 400 теңгеге жалға беріледі - британдық астана үшін бұл өте тиімді баға.

Рим - ауданға қарай құбылатын нарық. Италия астанасында баға орналасқан жеріне тәуелді. Термини вокзалына жақын шағын мини-отельдегі нөмір шамамен 33 600 теңгеге түседі. Бұл - Рим үшін бюджеттік деңгей.

Тіпті қымбат Токио да кейде қолжетімді. Гиндза секілді элиталық аудандағы шағын студияны 28 500 теңгеге жалдауға болады. Бұл Париж бен Лондондағы қарапайым нұсқалардан да арзан.

Париж - қымбат қалалар көшін бастап тұр. Эйфел мұнарасына жақын, лифті жоқ соңғы қабаттағы шағын студияның өзі 53 700 теңгеден басталады. Бұл - Париж бойынша ең арзандардың бірі.

Апталық бюджет: айырмашылық айқын. 200–300 мың теңгемен Стамбул, Бангкок немесе Токионың орталығында бір апта жайлы өмір сүруге болады. Ал дәл осындай деңгей Рим мен Лондонда 500–700 мың теңгеге түседі.

Бүгінде саяхатшы үшін ең тиімді астаналар Азияда орналасқан. Ал Лондон мен Рим сияқты классикалық еуропалық мегаполистер бұрынғысынша жоғары баға сегментінде қалып отыр - баспана жалдауға кемі екі-үш есе көп қаражат қажет.