Саяхат: 2023 жылы қандай мемлекетте демалуға болады?

31 Шілде 2023, 17:30 1749

2020 жылғы пандемиядан кейін әлемде бірқатар өзгерістер орын алды. Оған қоса, мемлекет эконикасы дамуындағы  басты бағыттарының бірі – туризм тұралап қалды. Бірақ, бүгінгі таңда бәрі өз қалпына қайта келуде. Індет жоғалып кетпегенімен, көптеген мемлекеттер белгілі бір деңгейде туристерге  талап қойып, оларға құшағын қайта аша бастады. Осы орайда, 2023 жылдың жаз айында саяхаттауға тұрарлық әрі қолжетімді шетелдік демалыс орындарын назарларыңызға ұсынамыз.


 
Түркия

Фото: zametki-turista.com

Түркия – қазақстандықтар жазғы демалысын өткізетін ең қолайлы мемлекет. Тілдік ұқсастықтың қолайлылығынан бөлек, Түркияда туризм саласы жоғарғы деңгейде. Сіз мұнда жаз бойы теңіз жағасында демала аласыз. Ал, жаз маусымында бауырлас халық тұратын мекенге апаратын тур агенттіктердің санынан көзің сүрінеді.

Одан бөлек, Түркияда қонақтарға қызмет көрсетудің озық үлгісі мен жергілікті колоритке айналған тағамның түр-түрін ұсына алатын қонақ үйлер жетіп артылады.

Жаз айларында Анталия, Алания, Сиде, Кемер секілді теңіз жағасында орналасқан қалаларда орташа ауа температурасы +34 градусқа дейін көтеріледі. Ал, бұл өз кезегінде туристер үшін өте ыңғайлы.
Егер, ауа-райының ыстығы ұнамаса, Түркияның Бодрум, Кушадасы, Мармарис, Фетхие және Даламан секілді қалаларына саяхаттай аласыз. Бұл шаһарларда ауа температурасы жоғарыда айтылған өлкелерге қарағанда айтарлықтай төмен.

Фото: Наталья Двухимённая | Фотобанк Лори


 
Египет

Фото: geo360.ru


2023 жылдың жаз айында демалу үшін Қазақстанның бірнеше қаласынан Египетке тікелей рейспен ұшуға болады.
Египеттегі қонақүйлерге келсек, олар әртүрлілігімен ерекшеленді. Мұнда сіз қалтаңызға қарай, ескі әрі арзан қонақ үйлер мен қымбат және жаңа стильде салынған 5 жұлдызды қонақ үйлерде демала аласыз.

Египет жазда өте ыстық. Бірақ, туристер үшін бұл ешқашан кедергі болған емес. Шілде – тамыз айларында күндіз ауа +32, +35 градусқа дейін ысиды.

Ал, теңіздің орташа температурасы + 28 градусқа жетеді.
Айта кетейік, демалыс үшін Хургада қаласы жазда Шарм-эль-Шейхке қарағанда жақсырақ. Себебі, Хургадада желді аймақ болып саналады.

Фото: poehalisnami.kz


 
Біріккен араб әмірлігі

Фото: smapse.ru


БАӘ-ға жаз айларында баруға болады. Алайда, сізге ыстық ауа райы көңіліңізден шықпайтын болса, саяхаттау үшін басқа мемлекетті қарастырғаныңыз жөн. Өйткені Біріккен араб әмірлігінде жаз айында орташа ауа температурасы +45 градусты құрайды. Ең абзалы, күз айларын күтіп, Арабияға қазан, қараша айларында келу.

Қазақстандық туристер үшін виза қажет емес. Елде 90 күнге дейін визасыз жүру мүмкіндігі қарастырылған. Одан бөлек, бұл жақта келушілерді вакцинация құжаты мен сертификатының болуы керек деп міндеттемейді.

Фото: happy-travel.kz

 

Мальдив аралдары

 

Фото: windseekers.ru


Мальдив аралдарында жылдың қай мезгілінде болмасын баруға болады. Себебі, бұл мемлекетте жыл бойы орташа температура 30 градусты құрайды.

Тек, есіңізде болсын, Мальдив аралдарына маусым айында саяхаттауды жоспарламаңыз. Өйткені, бұл уақытта аралда тропкалық нөсер кезеңі келеді. Демалысыңызды күннің астында емес, жаңбырдың астында өткізу ықтималдығыңыз артады.
Жалпы, Мальдив аралдары - әлемдік туристер үшін тынығуға таптырмас мекендердің бірі.

Фото: ht.kz

 
Грекия

Фото: pro-agent.kz

Теңіз жағасында демаламыз десеңіз Грекияның Крит, Родос, Корфу немесе Закинтос аралдарына ұшуға болады. Жаз айларында аталған аралдар туристер үшін құшағын қуана-қуана ашады. Шілде және тамыз айларында ауаның орташа температурасы + 28 градусқа дейін жетеді.
Грекияда демалудың ең қолайсыз тұсы бұл – шенген виза.

Грекияда демалу үшін сізде алдын-ала рәсімделген шенген визасы болуы қажет.

Фото: Нostels24.ua

Равиль Ашығали
Бөлісу: