Сауытбек Әбдірахмановтың ұлы лауазымды қызметке тағайындалды

14 Тамыз 2023, 17:23 1495

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Асқар Сауытбекұлы Әбдірахманов Париж қаласындағы (Француз Республикасы) Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін бұл лауазымды қызметті атқарып келген Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

EL.KZ
Бөлісу: