18.07.2025
11:27
6573
Саусағы сынып, шашы жұлынған: ер адам медбикені соққыға жықты

Саусағы сынып, шашы жұлынған: ер адам медбикені соққыға жықты

Қарағандыда 16 шілде күні жеке медициналық орталықта ер адам медбикеге шабуыл жасап, оны соққыға жықты. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы мәлімдеді, деп жазады El.kz интернет порталы.

Оқиға барысында ер адам әйелі мен балаларының көзінше қызметтік бөлмеге күштеп кірмек болған. Есікті сындырып кіріп, медбикені аяусыз ұрып, денсаулығына айтарлықтай зиян келтірген. Жәбірленушінің екі саусағы сынған, миы шайқалып, шашы жұлынған, денесінде көптеген жарақат бар. Қазір ол ауруханада жатыр.

Күдіктінің туыстары оның психикалық дертке шалдыққанын айтып, медициналық анықтама көрсетіп, арызды қайтарып алуды сұрап жүр. Алайда зардап шеккен тарап бұл әрекетке күмәнмен қарайды.

Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні психоневрологиялық орталыққа орналастырды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, іс Қарағанды облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауында.

Оқиға болған Divera медицина орталығы өз қызметкеріне жан-жақты қолдау білдіріп, зорлық-зомбылық әрекеттерін қатаң айыптайтынын жеткізді. Орталық қауіпсіздік шараларын күшейтуді жоспарлап отыр және кінәлі тұлғаның жауапкершіліктен жалтармауын талап етуде.