08.12.2023
05:29
1033
Сауда желілері жұмыртқаларға арналған сауда үстемесін төмендетеді

Сауда желілері жұмыртқаларға арналған сауда үстемесін төмендетеді

Министрлік тиісті құжатқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті «Magnum Cash & Carry» ЖШС-мен және «Скиф Трейд» (Small) ЖШС-мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша, атап айтқанда бірінші санаттағы (С1)  жұмыртқа бағасының маусымдық ауытқуына жол бермеу бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Сауда комитетімен жасалған келісім аясында Magnum Cash & Carry және Small басшылығы заңмен рұқсат етілген бірінші санаттағы жұмыртқалар үшін қолданыстағы 15% орнына 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін 10% сауда үстемесін белгілеу туралы шешім қабылдады.

Ал жұмыртқалардың басқа санаттарына (таңдаулы және екінші) Magnum Cash & Carry сауда желісі жаңа жыл қарсаңында көрсетілетін қызметтер үшін түрлі сыйақылар (тауарды жарнамалау және жылжыту, арнайы көрсету және т.б.) алмайтын болады.