15.08.2022
17:59
1282

Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.