20.07.2025
12:07
630
Сауд Арабиясының «ұйқыдағы ханзадасы» көз жұмды

Сауд Арабиясының «ұйқыдағы ханзадасы» көз жұмды

Сауд Арабиясының «ұйқыдағы ханзадасы» 20 жылдық комадан кейін көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сауд Арабиясының ханзадасы, жұрт арасында «ұйқыдағы ханзада» деген атпен танылған Әл-Валид бин Халед бин Талал Әл Сауд 19 шілде күні қайтыс болды. Ол 2005 жылы болған жол апатынан кейін 20 жыл бойы комада жатқан. 

Siasat Daily басылымының мәліметінше, ханзада 35 жасында дүниеден өтті.

«Жол-көлік апатынан кейін ол Эр-Риядтағы Король Абдулазиз медициналық орталығына жеткізілді. Сол уақыттан бері ханзада өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, үздіксіз медициналық бақылауда болды. Оның әкесі - ықпалды ханзада Халед бин Талал ұлын емдету үшін АҚШ пен Испаниядан ең үздік мамандарды тартқан. Алайда дәрігерлердің барлық әрекеті нәтиже бермеді», – делінген хабарламада.

Ханзаданың әкесі ұлының өмірін қамтамасыз етіп тұрған құрылғыларды ажыратуға үзілді-кесілді қарсы болған. Кей сәттері байқалған сирек физикалық реакциялар отбасыға сәл де болса үміт сыйлағанымен, ханзаданың жағдайы соңына дейін үмітсіз күйде қала берді.