29.03.2023
16:44
1187
Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісі сенім грамоталарын табыс етті

Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісі сенім грамоталарын табыс етті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жаңадан тағайындалған Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Файсал Әл-Қахтанидан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің орынбасары Сауд Елшісін қызметке тағайындалуымен құттықтап, жоғары деңгейде қалыптасқан қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететіндігін атап өтті.

Ф. Әл-Қахтани екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамыту үшін барлық күш-жігерін салуға ниетті екенін жеткізді.

Сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан-Сауд Арабиясы ынтымақтастығының күн тәртібінде тұрған бірқатар маңызды мәселерді және өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы әріптестікті өзара белсенді қолдауға келісті.