Сауд Арабиясында алғаш рет ішімдік сататын дүкен ашылды

26 Қаңтар, 09:15 4286

Cауд Арабиясы ел астанасы Эр-Риядта 70 жылдан кейін алғаш рет алкоголь дүкені ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Дүкендегі ащы сусын мұсылман емес дипломатиялық қызметкерлер үшін сатылатыны белгілі болды. ВВС мәліметінше, дүкенге кіруге дипломатиялық қызметкерлерге ғана рұқсат етіледі. Сауд Арабаиясы ішімдік сатуға қатысты тыйымды 1952 жылы енгізген болатын. Сол жылы  король Абдул Әзиздің ұлдарының бірі мас күйінде британдық дипломатты атып өлтірген еді.

Алкоголь дүкеніне келушілерге мына талаптар қойылады:

Алдын ала тіркеліп, мемлекеттен рұқсат алу қажет.

Дүкенге 21 жасқа толмағандар кіргізілмейді және оның ішінде әрқашан «тиісті киім талап етіледі».

Алкоголь сатып алу үшін бейтаныс адамды, мысалы жүргізушіні жіберуге болмайды.

Ай сайынғы шектеулер енгізіледі.

Сондай-ақ сатылатын ішімдік санына да шектеу қойылған. 1 литр спирттік ішімдік 6 ұпайға, 1 литр шарап - 3 ұпайға, 1 литр сыра 1 ұпайға бағаланады. Айына сатып алынған ішімдік мөлшері 240 ұпайдан аспауы тиіс екені айтылған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: