Сауд Арабиясы футбол трансферіне 19 миллиард еуро бөлді

25 Шілде 2023, 18:36 930

Сауд Арабиясының спорт министрлігі футбол трансферлеріне шамамен 19,6 миллиард еуро қаражат бөлді. Бұл туралы журналист және инсайдер Бен Джейкобс өзінің твиттерінде мәлімдеді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Сауд Арабиясы чемпионатының жаңа маусымы 11 тамызда басталады.

Оқи отырыңыз:

Бұл елдегі басты шетелдік жұлдыз – португалиялық Криштиану Роналду. Сонымен қатар жазғы трансфер кезінде Сауд Арабиясы клубтарының қатарын Карим Бензема, Роберто Фирмино және Эдуар Менди сияқты футболшылар толықтырды.

Бұған дейін ПСЖ-ның Сауд Арабиясы клубтарының біріне француз шабуылшысы Килиан Мбаппемен келіссөздер жүргізуге рұқсат бергені туралы да айтылған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: