Сауалнама: Трамптың қызметін қолдау рейтингі 40%-дан асты

Сауалнама: Трамптың қызметін қолдау рейтингі 40%-дан асты

АҚШ президенті Дональд Трамптың жұмысын қолдау деңгейі бұрынғы 36%-дан 41%-ға дейін өсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл мәліметтер Reuters агенттігі мен Ipsos компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды.

Жаңа сауалнама деректеріне сәйкес, респонденттердің 41%-ы Трамптың қызметін қолдайтынын айтқан. Ал оның партияластары, республикалықтар арасында бұл көрсеткіш 85%-ға жетеді.

Сауалнама 8 желтоқсанға дейінгі алты күн бойы онлайн форматта жүргізіліп, оған АҚШ-тың 4 434 ересек тұрғыны қатысқан.

Қараша айының соңында Gallup компаниясы жүргізген сауалнамада Трамптың рейтингі оның Ақ үйдегі екінші мерзімі үшін ең төменгі көрсеткішке дейін құлдырап, небәрі 36% қолдауға ие болғаны анықталған еді.