Сатып алғанымыздан сатқанымыз көп

15 Қараша 2022, 18:12 985

Тауарлар импорты 34,6 миллиард долларды құраған

Премьер-Министр Әлихан Смайловтың төрағалығымен бүгін өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының оң айлық қорытындысы қаралды. Бірінші болып сөз алған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуы бойынша, қаңтар-қазан айларының аралығында Қазақстан экономикасы  2,5 пайыз өсім көрсеткішін көрсеткен.

Бұл жерде  атап өтерлік,  ерекше бір жағдай өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 35 пайызға өскендігі болып отыр.   Бұл көрсеткіш ақшамен шаққанда  98,4 миллиард долларға жеткен. Соның ішінде  тауарлар экспорты 47,5 пайызға өсіп, 63,8 миллиард долларды құраған.  Мұның 19,3 доллары - өңделген тауарлар. 

Тауарлар импорты 34,6 миллиард долларды құраған.  Сөйтіп тауарлардың оң сальдосы 29,0 13 мың долларға дейін жеткен.  Бұл өткен жылдың  осы мерзімімен салыстырғанда 2,2 есе артық көрсеткіш. Яғни сырттан сатып алғанымыздан сатқанымыз көп деп айта аламыз.

Ел экономикасындағы  тағы бір жағымды жағдай негізгі капиталға келген инвестициялар көлемінің  6,7  пайызға өскендігі болып отыр. Соның ішінде өнеркәсіптік салаға келген инвестициялар көлемі 4,1  пайызға, тау-кен өндірісіне  - 13,7 пайызға, ауыл шаруашылығына - 7,4 пайызға, жылжымайтын мүлік операцияларына -14,7 пайызға, көлік пен қоймалау ісіне 8,5 пайызға өскен.

Талдыбек Санатов
Бөлісу: