«Сатылмаған алма үшін 209,9 млн теңге». Ақша жымқырған басқарма төрағасы ұсталды

8 Ақпан, 11:07 1443

Жамбыл облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура «Меркі» тәжірибелік шаруашылық» ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы қаржы жымқырған.

Нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған. Аталған факті бойынша Меркі ауданының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасымен («Алаяқтық») қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасымен жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Бір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілсе, екіншісіне қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: