Сатыбалдының қызын мен тәрбиеледім – Ерболат Беделхан

6 Ақпан, 11:05 4178

Продюсер Ерболат Беделхан YouTube арнасындағы Adal Adam студиясында Қайрат Сатыбалдының әйелі Гүлмира Сатыбалдымен серіктестігі туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«Ninеty one қоғам тарапынан қатты сынға ұшыраған кезде, сіздерге Назарбаев әулеті, соның ішінде Гүлмира Сатыбалды қатты көмектесті деген сыбыс шықты. Солай болды ма?» деген жүргізушінің сұрағына Ерболат Беделхан былай деп жауап берді:

Жоқ. Гүлмира Сатыбалды маған хабарласып, қызына продюсер болуды ұсынды. Альбина деген қарындасым 13-15 жаста еді, кішкентай қыз. Бірнеше рет келді, мен екі рет жоқ дедім, уақытым болмағандықтан. Бірақ Альбина төрт айдың ішінде трансформациядан өтеді деп ойлаған жоқпын. Мен адаммен жұмыс істегенде ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді байқаймын. Адамдар, мысалы, арықтау үшін, би үйрену үшін жылдар жұмсайды, уақыт керек, тәжірибе керек. Альбинаға менің жүйеме кірсін, өзі сүзіліп, атылып шықса, мықты болатын болса, мүмкіндік беремін дедім. Мен тәрбиеледім, менің жүйем тәрбиеледі. Сөйтіп ол аз уақытта өте жақсы жетістіктерге жетті. Өлең жазып, би биледі, 25 кг арықтады. Ата-анасының өзі де таңғалды. Қазақша сөйлей бастады. Бірақ мен бір жылға ғана продюсер бола аламын дедім, өйткені уақытым ол кезде тапшы еді. Сөйтіп жеке мен, компаниям емес, өзім бір жыл бойы сенсэй болдым. Осымен ғана тәмамдадық, - деді продюсер.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: