Сәтті және жемісті жұмыс күтеміз – Геннадий Шиповских

26 Қараша 2022, 17:12 1963

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских Президенттің Жолдауын асыға күтуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Президент айтқандай, алдымызда бірқатар маңызды реформа тұр. Сот жүйесі, ауыл шарушалығына көңіл бөлу, тағы басқа міндет тұр. Яғни, халықтың ауылдық елдімекенде жайлы өмір сүріне жағдай жасау. Жастарға да көп көңіл бөлу қажеттігі айтылды», - дейді.

Мәжілісмен Президенттің ұлықтауынан кейін Жолдау болатынынан үмітті.

«Алдағы уақытта мемлекет басшысы халыққа арнайы Жолдауын жолдайтынына сенімдімін. Осы Жолдауда барлық мәселе бүге-шүгесіне дейін айтылады деген ойдамын. Ең маңыздысы, сәтті және жемісті күтеміз», - деді Мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ, халық қалаулысы Үкіметтің алдында атқаратын бірқатар маңызды тапсырма тұрғанын тілге тиек етті.

«Тапсырманың бәрі саяси реформа мен Президенттің бағдарламасында айтылған жобаны іскер асыру. Бұл жобаның барлығы сапалы әрі өтімді түрлі заң жобасы арқылы іске асады», - деді.

Бұдан бөлек депутат жастар арасында жұмыссыздық мәселесін шешіп, оларды көбірек ауылға тарту керек дейді.

«Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің сайлауалды саяси бағдарламасында да атап өткен еді. Президент: Біз болашақта миллиондаған жасты жұмыспен қамтуымыз керек деген болатын. Оның ішінде, түрлі жастардың әлеуетін көтеруге арналған грант бар. Бұл оларға берілетін үлкен мүмкіндік. Бизнес бағытында идеясы бар жалынды ұрпақты қолдау», - деді Парламент Мәжілісінің депутаты.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: