Сәтбаев университетінің студенті Парижде сынға түседі

27 Шілде, 09:42 601

Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалыұ университетінің студенті қазақстандық ұлттық құрама құрамында өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына Сәтбаев университетінің 3-курс студенті Александра Ле аттанып, Қазақстанның намысын қорғайды. Жобаларды басқару институтында Бизнес инжиниринг мамандығы бойынша білім алып жүрген спортшы оқ атудан қазақстандық ұлттық құрамасының мүшесі. Қазір ұлттық құрама Францияның Шатору қаласына орналасқан. 

Мұндағы нысана көздеу орталығында 27 шілде мен 5 тамыз аралығында нысана көздеу мен стенд атудан 15 жүлде жиынтығы үлестіріледі.

28 шілде күні Александра Ле пневматикалық винтовкадан 10 метрге оқ ату бойынша алғашқы жарысқа қатысатын болады. 

 

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: