29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
24 ақпанға қараған түні Сәтбаев қаласы аумағында көлік жүргізуші мас күйінде анықталды. Сот медициналық сараптама қорытындысымен жүргізушінің ішімдік ішкені расталып, ҚР ƏҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды.
Мұндай заң бұзушылар жол-көлік апатын жасамай-ақ, азаматтарға зиян келтірмесе де, 15 тәулікке қамау жөнінде әкімшілік жаза тағайындалып, жеті жылға дейін жүргізушілік құқығынан айырылады.
Аталған құқық бұзушылық қайталанған жағдайда, қамау мерзімі 20 тәулікке дейін, ал жүргізушілік құқығынан айыру сегіз жылға дейін ұзартылады. Сәтбаев қаласының полицейлерімен жыл басынан бері көлікті мас күйде жүргізген 11 автокөлік жүргізушісі анықталып, жауапкершілікке тартылды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек