04.10.2023
08:19
1222
Сәрсенбіде елдің басым бөлігінде үсік жүріп, жаңбыр мен қар жауады

Сәрсенбіде елдің басым бөлігінде үсік жүріп, жаңбыр мен қар жауады

Сәрсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Елдің батысында, солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман болжанады. Сондай-ақ елдің солтүстігінде, оңтүстігі мен батысында екпінді жел тұрады.

Атап айтқанда, түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысы мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында – 1-3 градус, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында 1 градус үсік жүреді.

Түркістан, Қызылорда облысының орталығында, шығысы мен оңтүстігінде өрт тұтану қаупі сақталып отыр.

Жамбыл облысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, сондай-ақ өрт қаупі жоғары.