С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері бауырлас елдер Түркия мен Әзірбайжанда білім алып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Университеттің он білім алушысы ORHUN академиялық алмасу бағдарламасы арқылы қабылдаушы ЖОО-дарына аттанды. Атап айтқанда, Alanya Alaaddin Keykubat University, Bahçeşehir University, Kapadokya University, Bursa Uludağ University, Ege University және Baku State University. Оқу орны білім алушылары бір семестр бойы математика, туризм, менеджмент және химия салаларында зерттеу жұмыстарымен айналысуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, ORHUN - Түркі университеттері қауымдастығының мүшелері арасында халықаралық алмасу бағдарламасы. Оның негізгі міндеттері - университеттер арасындағы дипломдардың эквиваленттілігін тану, ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және түркі әлемін зерттеумен айналысатын студенттерге арнайы стипендиялар беруді көздейді.