«Авто.ру» журналының автосарапшылары ресми түрде сатылып жатқан бірнеше қытайлық кроссоверлердің коррозияға қарсы қорғанысын зерттеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тексеру барысында көлік шанағының сыртқы панельдерінде мырыш қабатының (оцинковка) бар-жоғы қарастырылды.
Толық мырышталған жалғыз модель — Haval H7
Зерттеу нәтижесінде Haval H7 барлық сыртқы элементтері – табалдырықтан бастап төбесіне дейін — толықтай мырышталған жалғыз кроссовер болып шықты.
Екінші орында — Knewstar 001
Бұл модельде тек көлік төбесі ғана мырышпен қапталмаған. Басқа элементтері коррозиядан жақсы қорғалған.
Үздік бестікке кірген өзге модельдер:
Аталған үш модельдің де төбесі мен жүксалғыш есік ойықтарында ғана мырыш қабаты жоқ, бұл оларды ылғалды климатта әлсіз ете түсуі мүмкін.
Қолданушыларға кеңес: VIN-код пен заңды тазалықты тексеріңіз
Автомобиль сарапшысы Максим Ракитин бұрын қолданылған көлікті сатып аларда мына кеңестерді ұсынады:
Біріншіден, көліктің заңды тазалығын тексеріңіз – базалар жеткілікті. Екіншіден, VIN-код пен номерлік агрегаттар (мысалы, шанақ) өзгеріске ұшырамағанын нақтылаңыз. Барлық мәліметтер құжатпен сәйкестігін тексеру қажет, – дейді ол.
Бұған дейін Британиядағы сенімді көліктердің тізімін ұсынған едік.