03.07.2025
09:13
2565
Сарапшылар ең сапалы көлік брендтерін атады

Сарапшылар ең сапалы көлік брендтерін атады

J.D. Power компаниясы автокөліктердің жыл сайынғы сапа зерттеуін ұсынды. 2025 жылы жаппай сатылымдағы брендтер арасында күтпеген көшбасшы пайда болды: ол – Nissan. Аталған бренд премиум санаттағы Lexus-қа жақындап қалды. Бұл туралы Finratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы.

Мәселе азайды, бірақ сенсорлы экрандар мазалайды

J.D. Power ұсынған АҚШ-тағы бастапқы сапа зерттеуінің (U.S. Initial Quality Study – IQS) соңғы деректеріне сәйкес, жаңа көлік иелерінен алғашқы 90 күн ішінде түсетін шағым азайған – орташа көрсеткіш 100 көлікке шаққанда 194-тен 192 шағымға дейін төмендеген (PP100).

Премиум сегментте де айтарлықтай жақсару байқалды: шағымдар саны 230-дан 203 PP100-ге азайды. Ал көпшіліктің қолданысындағы брендтер, керісінше, өз көрсеткіштерін нашарлатып, 181-ден 187 PP100-ге дейін өскен.

Көлік иелерінің басты шағымы – сенсорлы экрандардың қолайсыздығы. Көбі сырт көзге тартымды көрінгенімен, олармен жұмыс істеу қиын әрі жүргізушінің назарын аударады.

Жүргізушілерге тіпті қарапайым функциялар, мысалы, температураны реттеу үшін бірнеше рет бет ауыстыруға тура келеді, – деп түсіндірді J.D. Power өкілі Фрэнк Хэнли.

Үздік брендтер: Lexus, Jaguar және Nissan

Сапа бойынша абсолютті көшбасшы – Lexus. Бұл брендке қатысты ең аз шағым тіркелген: 166 PP100. Одан кейінгі орындарда Jaguar (175 PP100) және Genesis (183 PP100) тұр.

Ал жаппай брендтер арасында Nissan көш бастады – 169 PP100 нәтижесімен ол Hyundai-ды (173 PP100) және Chevrole-ні (178 PP100) артта қалдырып, премиум сегментке бір табан жақындады.

Өз класындағы үздік үлгілер

J.D. Power өз санатында үздік нәтиже көрсеткен нақты модельдерді де атады:

General Motors:

Buick Encore GX

Cadillac XT5

Chevrolet Blazer

Chevrolet Silverado

Chevrolet Tahoe

Ford Motor Company:

Ford Escape

Ford F-150

Ford Mustang

Ford Super Duty

Honda Motor Company:

Acura Integra

Acura RDX

Honda Odyssey

Volkswagen AG:

Porsche 911 (ең төмен шағым көрсеткіші — 116 PP100)

J.D. Power IQS зерттеуі автокөліктердің алғашқы үш айлық қолданысы барысында тіркелген шағымдар санына негізделеді. PP100 көрсеткіші неғұрлым төмен болса, автокөлік сапасы соғұрлым жоғары деп бағаланады. Бұл – өндірушілер мен тұтынушылар үшін көліктің сенімділігі мен жинақ сапасының маңызды көрсеткіші.