07.12.2025
09:54
502
Сарапшылар 2026 жылы демалысқа ең қолайлы айды атады

Сарапшылар 2026 жылы демалысқа ең қолайлы айды атады

Британияның туристік қауымдастығы ABTA 2026 жылға арналған Travel Trends Report зерттеуін ұсынып, қыркүйек айының шетелге шығушылар арасында ең сұранысқа ие кезеңге айналып келе жатқанын мәлімдеді. Сарапшылардың сөзінше, бұл үрдіс алдағы жылы да жалғасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

2024 жылдың жазында Ұлыбританияда 2 001 ересек азаматты қамтыған сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде, респонденттердің 24 пайызы демалысты қыркүйекке жоспарлайтынын айтқан. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 17 пайыз болған. Сол жылы ең танымал ай - мамыр еді.

Сарапшылар мұның бірнеше себебін келтіреді:

Қыркүйекте ауа райы жылы, турист аз, ал қонақүй мен әуе билеттерінің бағасы да қолайлырақ болады, - деп түсіндіреді мамандар.

Қыркүйекке деген қызығушылық барлық жас санатында өсіп келеді.

  • 55–64 жас аралығында - 29%,

  • 65 жастан асқандар арасында - 35%,

  • жастар тобында өсім айтарлықтай: 18–24 жас - 11%-дан 17%-ға, 35–44 жас - 12%-дан 20%-ға дейін көтерілген.

ABTA өкілдері атап өтті:

45 жастан асқан, баласы жоқ азаматтар үшін қыркүйек - сапарға ең қолайлы уақыт. Оқу жылы әлі басталмаған, туристік орындарда тыныштық, ал ауа райы әлі жайлы.

Зерттеу туристік әдеттердің өзгеріп жатқанын да көрсетеді. Жастар арасында пойызбен саяхаттау, интеррейл бағыттары кеңінен танымал болуда. Ал 25–34 жас аралығындағы саяхатшыларды сарапшылар жаңа «туристік пікір қалыптастырушылар» деп атайды: бұл топ шетелге жиі шығады, психологиялық саулыққа пайдалы демалысты бағалайды және сапалы бағыттарға ақша жұмсаудан тартынбайды.

Қашық бағыттарға деген қызығушылық та артып келеді: Австралия, Жаңа Зеландия және Тынық мұхиты аймағына сапарлар 7%-дан 10%-ға дейін өскен, ал 25–34 жастағы туристер арасында бұл көрсеткіш 11%-дан 19%-ға бір-ақ көтерілген.

Круиздерге сұраныс сақталғанымен, олардың форматы өзгеріп барады. Жастар қысқа, бес күнге дейінгі бағыттарды таңдаса, егде жастағы туристер ұзақ, үш аптадан асатын круиздерге көбірек көңіл бөліп жүр.