Сарапшы: Ортақ жобалар қабылданады деген үміттемін

4 Шілде, 14:32 934

Сарапшы Еркебұлан Қуанбай саммиттің маңыздылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша БҰҰ-ның қатысуы ШЫҰ-ына деген әлемдік қызығушылықтың бар екенін білдіреді.

Демек жаһандық оңтүстік елдерінің үніне құлақ асуға мүдделі деп есептесе болады. Қазақстан төрағалық еткен жылдары барынша халықаралық және аймақтық елдермен ынтымақтастық орнатуға тырысты. Байқасаңыздар іс-шараға 10 мүше мемлекеттен бөлек, қосымша араб елдері де келіп отыр. Халықаралық деңгейдегі БҰҰ-ның төрағасы қатысуда. Сондықтан шараның маңызы зор, – дейді сарапшы.

Бұдан өзге сарапшы ұйымды жаңа деңгейге шығару үшін декларация қабылдануын күтіп отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ ортақ экономикалық жобалар да маңызды. Әсіресе барлық тарап мүдделі көлік-логистика, инфрақұрылым саласында ортақ жобалар қабылданады деп үміттенеміз. Бұл үшін қаржыландыру өте маңызды. Ортақ қаржылық институт та құрылып, инвестициялық қор немесе банк болуы мүмкін. Әлі де мемлекет басшыларының шешімін күтеміз, – деді сарапшы Еркебұлан Қуанбай.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: