Сарапшы: Қоғамдағы қордаланған мәселе – ана мен бала өлімі

14 Шілде 2022, 16:47 3265

Үкіметтің  кенейтілген отырысында Мемлекет басшысы айтқан сыни пікірілер мен еліміздегі өзекті мәселелер назардан тыс қалмауы керек. Бұл туралы деді ҚР Президенты жанындағы ҚСЗИ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Әсел Әбен айтты, деп хабарлайды El.kz

Әсел Әбеннің айтуынша, негізгі проблема инфляцияның өсуі болып отыр. Бұл ел экономикасына кері әсерін тигізеді. 

– Бүгінгі таңда инфляция деңгейі 14 пайыздан  асқан, ал жылдың аяғына дейің 16-18 пайызға жетуі мүмкін. Бұл экономикаға кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар инфляцияныңәлеуметтік зардаптары да бар. Сондықтан президенттің инфлияция деңгейін төмендету шараларын қарастыруды тапсырғанын қолдаймын. Себебі осыған байланысты елімізде қымбатшылық орын алып жатыр. Бұл қазіргі уақытта халықтың көкейіндегі өзекті мәселе, – деді Әсел Әбен. 

Сондай-ақ, сарапшы Президент қозғаған ана мен бала өлімі қоғамдағы  үлкен мәселе екенін атап өтті. 

– Үкімет перзентханалардың көбін заманауи бағытқа жабдықтайтынына сенімдімін. Біздің болашағымыз балалар болғандықтан, барынша көңіл бөлуіміз керек. Президент айтқандай, перинаталдық орталықтардың жай-күйі халықаралық стандартқа сай болуы керек, – деді ҚР Президенты жанындағы ҚСЗИ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Әсел Әбен.


Бақытнұр Бейсенбай
Бөлісу: